top of page

Труды Ахмета Байтурсынова

«Әдебиет танытқыш»

Рисунок1_edited.jpg
 «Әдебиет танытқыш» – қазақ әдебиеттану ғылымы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбек. Ондағы барлық атаулар мен терминдер қазақ әдебиетінің түсінігіне сай келіп, оқырмандарға ыңғайлы жазылған. Сонымен қатар, бұл еңбектің әлі де жеке құндылық деңгейіндегі мұра ретінде зерттелуі керек екенін және ғылыми айналымға енгізілу қажеттігін айта кеткеніміз жөн.
Байтұрсынов Ахмет. Шығармалары
Рисунок2_edited.jpg
Қазақ әдебиетінің классигі Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тіліндегі шығармалар жинағы. Бұл жинақта Маса, Қырық сияқты әңгімелер бар.
1-1.jpg
Байтұрсынов Ахмет.
Маса

«Маса» жинағының көркемдік арсеналында талай эпитеттер, теңеулер, шендестірулер, инверсиялар, мақал-мәтелдер бар. Мысалы, теңсіздік, озбырлық, әділетсіздік, әрекетсіздік, надандық жайғаскан жайды ақын, көбіне «түн», «түнерген төбемізден бұлт арылмай», «қасірет», «өртке душар болып», «не қалды тәнімізде шарпылмаған», «алалық алты бақан дертпен кірдік» деп бейнелейді. Айтайын деген ойын ақын көркемдеп жеткізуге, бейнелі сөз табуға шебер.

2511764.jpg
Байтұрсынов Ахмет.
Тіл тағылымы

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат алуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын құралдардың да иесі.Бұл кітапта сол оқулықтар мен методикалық құралдардың қолда бар басылымдарының текстері толық ұсынылып отыр.Сонымен бірге автордың қазақ жазуы (графикасы), емлесі, терминологиясы жайында жазған мақалалары, сөйлеген сөздері мен қазақ жеріндегі оқу-ағарту мәселелеріне арналған еңбектері де енеді. Бұлардың барлығы дерлік араб жазуынан қазіргі қазақ жазуына көшіріліп беріледі.

Рисунок3.png
Байтұрсынов Ахмет.
«Қырық мысал»

Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты жинағында 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

 

Байтұрсынов Ахмет.
«Жоқтау»
02122009096 (2).jpg
Ахмет Байтұрсынұлының «Жоқтау» деп аталатын бұл кітабында өзінің көзі тірісінде жарық көрген, сондай-ақ ауыз әдебиеті мұраларын ұдайы жинап, өңдеген тынымсыз ізденісінің бір бөлігі ретінде танылған «23 жоқтау» бұл жоқтауларды бастырғанда Қазақ тарихының төрт жүз жылын алған.Кітапты баспаға дайындаған Ақаңның немересі А.Байтұрсынұлы атындағы Қордың президенті Самырат Кәкішев.
Процветает и множится искусство, изменяясь с каждым днем, всё движется вперед… 

Ахмет Байтурсынов – талантливый поэт, переводчик, литературовед, ученый – лингвист, чье имя часто связывают с именем великого Абая, с творчеством которого, после тщательного всестороннего изучения, впервые познакомил учащихся он. Богатый духовный мир Абая, его идеи воспитания, национальная идеология оказали огромное влияние на творчество Байтурсынова, он попробовал раскрыть секреты его мастерства, внес свою лепту в процесс изучения искусства его слова. Жизнь и творчество самого Ахмета Байтурсынова стали для последующих поколений примером, образцом поведения.
 

© 2024 ОШ№19 

Сайт создан на Wix.com

bottom of page